
Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесiн дамыту барысымен танысты. Атап айтқанда, медициналық инфрақұрылымды жаңарту шаралары қаралды.
Президенттiң «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» жолдауында халықтың өмiр сүру ұзақтығының өсуiне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемi арта түсетiнi туралы айтылған. Солтүстiк Қазақстан облысында соңғы 5 жылда орташа өмiр сүру ұзақтығы 1,2 жылға артты, қатерлi iсiк ауруларынан өлiм көрсеткiшi 16,3%-ға, туберкулезден өлiм 35,8%-ға, қан айналымы жүйесiнен болатын аурулардан туындайтын өлiм 38,5%-ға төмендедi, туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 21%-ға азайды.
Осылайша, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының ұсынылатын медициналық қызметтердiң сапасын арттыру жөнiндегi тапсырмасының орындалу барысымен облыстық аурухананы аралау кезiнде және жаңа көпбейiндi медицина мекемесi жобасының презентациясы барысында танысты.
700 орынға арналған көпбейiндi облыстық аурухананы салу Петропавл қаласында Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамытудың 2018-2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарында қарастырылған.
Аталмыш нысан жоғары технологиялы медицина қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн арттырады. Облыс әкiмiнiң орынбасары М. Қожахмет нысанның перспективалары туралы баяндай отырып, мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк тетiктерiн пайдалану арқылы қымбат медициналық жабдықтарды сатып алу жоспарда бар екенiн атап өттi.
Жаңа медициналық нысанды iске қосудан 2025 жылға қарай күтiлетiн нәтижелер: қан айналым жүйесi және онкология аурулары салдарынан болатын өлiм-жiтiм деңгейiн төмендеуi, жалпы халықтың орташа өмiр сүру ұзақтығының 72 жасқа дейiн өсуi, медицина кадрларының жетiспеушiлiгiн 4%-ға дейiн төмендеуi және тағы басқалар.
Жалпы 2018 жылы облыстағы денсаулық сақтау саласына (оның iшiнде, денсаулық сақтау нысандарын салуға, материалды және техникалық базаны нығайтуға) 3788,3 млрд. теңге қарастырылған. Бiрiншi тамыздағы дерек бойынша оның 97,3% игерiлдi.
Сондай-ақ, сапар барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыстағы спорт және салауатты өмiр салтын насихаттауға арналған әмбебап теннис орталығын аралап көрдi. Бұл әлеуметтiк нысан 4 жабық, 3 ашық теннис алаңынан тұрады. Сонымен қатар, екi жабық алаң баскетбол мен волейболға арналған әмбебап спорт алаңына түрленедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң баспасөз қызметi