Бақытжан Сағынтаев СҚО-да азық-түлiк өнеркәсiбiнiң даму қарқынымен танысты

Бақытжан Сағынтаев СҚО-да азық-түлiк өнеркәсiбiнiң даму қарқынымен танысты

Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңiрде Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылу барысымен танысты. Атап айтқанда, «Радуга» ЖШС жеке индустриялық аймағының аумағындағы азық-түлiк өнiмдерi өндiрiсiнiң технологиялық процесi тексерiлдi.

Аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ жеке индустриалды аймақтың қазiргi жағдайы мен даму келешегi туралы баяндалды. Облыста барлығы үш жыл iшiнде индустрияландыру бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 16,1 млрд. теңгенi құрайтын 27 жоба iске асырылып, 749 жұмыс орны ашылды. Бұл өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiн 200 млрд. теңгеге дейiн ұлғайтуға және негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемiнiң 2,7 есе өсуiне жол ашты.

Жеке индустриялық аймақ аумағында Бақытжан Сағынтаев ИИДМБ аясында жүзеге асырылған «Рим-ҚазАгро» ЖШС-ның жылдам дайындалатын азық-түлiк өнiмдерi өндiрiсiн ұйымдастырудың технологиялық процесiмен және өндiрiстiк желiлерiмен танысты.

Кәсiпорын басшысы И. Демидова жылдам дайындалатын кеспе өндiру кешенiнiң қуаттылығы сағатына 2 тоннаны құрайтынын айтты. Бұдан өзге, кәсiпорын ботқа, сорпа, картоп пюресiн шығарады. Өндiрiстегi негiзгi құрамдаушы — отандық ұн. Шығарылған кеспелердiң жартысынан көбi Ресейге экспортталады.

Сонымен қатар, Премьер-Министр металл-пластиктен жасалған бұйымдарды өндiру цехының жұмысымен танысты. Кәсiпорынның жоспарларында, сондай-ақ, 10 млрд. теңгеге жуық сомаға тағы 14 жобаны iске асыру жұмыстары бар, ол 300-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi және жаңа өндiрiстердi игеруге жол ашады. Бұл пластиктен жасалған бұйымдар, жуғыш заттар, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз, дымқыл майлықтар және т.б.

Жалпы, республика бойынша 38 индустриялық аймақты ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, оның 7-i салынып жатыр, 9-ы iске асырылу сатысында (техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеу, мемлекеттiк сараптама жүргiзу және т.б.), сондай-ақ, 22 ИА (оның iшiнде 1 жеке меншiк) толық немесе iшiнара аяқталған инфрақұрылымымен жұмыс iстеп тұр, оларда қолданыста жобалар бар. Индустриалды аймақтарда 112 жоба бар, оған қоса шамамен 219 жоба пысықтау сатысында, мұнда 17 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң баспасөз қызметi