Б. Сағынтаев Солтүстiк Қазақстан облысын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мәселелерi жөнiнде кеңес өткiздi

Б. Сағынтаев Солтүстiк Қазақстан облысын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мәселелерi жөнiнде кеңес өткiздi

Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев Өңiрдi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған кешендi жоспарын iске асыру мәселелерi жөнiнде кеңес өткiздi.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкiмет Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп, салалық, өңiрлiк басымдықтарды және инвестициялық мүмкiндiктердi есепке ала отырып, Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2018-2021 жылдарға арналған кешендi жоспарын әзiрледi.

Кеңестi аша отырып, Премьер-Министр Кешендi жоспарды iске асыруда оның нәтижесi мен бюджет қаражаттарының мақсатты игерiлуi маңызды екенiн атап өттi. Негiзгi мәселе — жоспарды iске асырудан түсетiн экономикалық тиiмдiлiк. Сондай-ақ, Б. Сағынтаев қараша айының басында өтетiн «Қазақстан-Ресей» аймақаралық форумына дайындық мәселелерiне тоқталды.

«Бiз құрылыс барысымен таныстық, көңiлiмiзден шықты деуге болады. Құрылыс жұмыстары белгiленген мерзiмде аяқталады, сапасы өте жақсы, әуежайдан бастап барлық нысандар бойынша: Оқушылар сарайы, теннис алаңы, үйлердiң құрылысы, абаттандыру жұмыстары — барлығы ретiмен орындалып жатыр. Сұраған көлемде ақша бөлiндi — қолдау көрсетiлдi. Бұл — облысты дамытуға көрсетiлген елеулi көмек. Кешендi жоспар бойынша да жұмыстарды жедел аяқтау қажет», — дедi Бақытжан Сағынтаев.

Кешендi жоспардың негiзгi бағыттары мен шаралары туралы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қ. Ақсақалов баяндады.

Оның айтуынша, соңғы жетi айда өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерi бойынша оң өсiмге қол жеткiзiлген. Мәселен, 2018 жылдың қаңтар-шiлде айларында қысқа мерзiмдi экономикалық көрсеткiш 107,9% құрады, құрылыс жұмыстарының көлемi 1,7 есеге, инвестициялар көлемi 9,9%-ға, ауыл шаруашылығы — 3,2%, өнеркәсiптiк өндiрiс — 0,3%, тұрғын үйдi пайдалануға беру — 9,1% өстi. Экспорт 1,3 есеге ұлғайды.

Облыстың экономикалық дамуының негiзгi бағыттарының бiрi — агроөнеркәсiп кешенi. Кешендi жоспарды iске асыру аясында егiстiк алқаптарды одан әрi әртараптандыру шаралары жалғасуда, 3400 басқа арналған 7 сүт кешенi салынады, өңдеуге және экспортқа басымдыққа ие 5000 мал орнын құрайтын 3 бордақылау алаңы құрылады және техникалық парк жаңартылады.

«Нәтижесiнде сүт өңдеу кәсiпорындарының жүктемесi 90%-ға дейiн, ет өңдеу кәсiпорындарының жүктемесi 50% дейiн артады. Биыл облыстың аграршылары 34,2 млрд. теңгеден астам сомаға 1310 бiрлiк жаңа техника мен жабдықтар сатып алуды жоспарлап отыр. Агроөнеркәсiптiк кешендегi техникалық парк тракторлар бойынша 19%-ға, комбайндар бойынша 22%-ға жаңартылады. Мұның барлығы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгiн 2,5 есеге, ал жалпы өнiм көлемiнiң өсiмiн 30 млрд. тг. дейiн жеткiзуге жол ашады», — дедi Қ. Ақсақалов алдағы жұмыс нәтижелерi туралы мәлiмдей отырып.

Осылайша, үш жыл iшiнде Кешендi жоспардың бағыттары бойынша облыс әкiмдiгi 170 млрд. теңге жеке инвестицияларды тартуды жоспарлап отыр, бұл жалпы көлемнiң 70%-ын құрайды. Сонымен бiрге, Кешендi жоспарда Бизнестiң жол картасы аясында жобаларды қамтуды ұлғайту көзделген. Жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгеге 284 жобаны несиелеудi субсидиялау жоспарланып отыр.

Әкiм сондай-ақ, шағын және орта бизнес және цифрландыру салаларындағы алдағы жұмыс жоспарлары, өңiрдiң жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады.

«Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргiзiлiп жатыр. Петропавл ЖЭО-2-де 7 турбоагрегат және 10 қазанагрегатта жөндеу жұмыстары аяқталды. Бiр қазанагрегаттың жұмысы 30 қыркүйекке қарай аяқталады. Станциядағы көмiр қоры 163 мың тоннаны және 664 тонна мазутты құрайды. Әлеуметтiк-мәдени сала объектiлерi дайын. Бюджеттiк мекемелерге арналған көмiр толығымен жеткiзiлдi. Халық 214 мың тонна көмiрдi жинады, бұл — 56%», — дедi облыс әкiмi.

Ұлттық экономика министрi Т. Сүлейменов кәсiпкерлiктi дамыту және трансферттердi есептеу әдiстемесiн жетiлдiру туралы баяндады. Жоспар халықты жұмыспен қамтуға, көшiп қоныстанған азаматтардың санын көбейтуге және мемлекеттiк қолдау шараларын ұсынуға, кәсiпкерлiктi, агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуға, инвестицияларды тартуға, әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамытуға, туризмдi, экология мен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге бағытталған 48 iс-шарадан тұрады.

«Бұл құжаттың сәттi iске асырылуы өңiрдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жақсартуға, халықтың кетуiн азайтуға және көшi-қон процесiн тұрақтандыруға, экономикалық белсендiлiктi ынталандыруға және халықтың қолайлы өмiр сүруiне ықпал ететiн тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның түйiткiлдi мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi», — дедi Т. Сүлейменов.

ЖӨӨ өсiмi республикалық деңгейге жетедi және орта есеппен 104% құрайды, бизнес орта жанданады және ЖӨӨ-дегi шағын және орта бизнестiң үлесi 25,8%-дан 30%-ға дейiн артады, шағын және орта бизнестен салық салынатын база 8,5%-ға дейiн өседi, 14 000 шамасында уақытша және тұрақты жұмыс орындары және т.б. пайда болады деп болжанған.

Денсаулық сақтау министрi Е. Бiртанов медициналық мекемелердi салу және жабдықтау туралы айтып бердi. Ең алдымен, министр дәрiгерлердiң жұмыс жүктемесiн төмендету, медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, шұғыл медициналық көмек көрсетудi күшейту, сондай-ақ медициналық жабдықтарды сатып алу кезiнде МЖӘ тетiктерiн пайдалану мәселелерiне тоқталды.

«Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткiштерiнiң бiрi Солтүстiк Қазақстан облысында белгiленген, сол себептi бiз жедел жәрдемге басымдық бердiк. Ең алдымен жедел жәрдем стандарттарын мүлтiксiз атқару, реанимобильдердi сатып алу, барлық қызметкерлердi қайта даярлау және қабылдау бөлмелерi үшiн бiрыңғай стандарттарды енгiзу», — дедi министр Е. Бiртанов.

Сонымен бiрге, Е. Бiртанов атап өткендей, Солтүстiк Қазақстан облысының 2018-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективтi жоспарында Петропавлда 700 орынға арналған көпбейiндi аурухананың құрылысын жүргiзу қарастырылған.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев денсаулық сақтау министрiне облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бiрлесiп, жеке кешендi жоспар қабылдауды және негiзгi бағыттарды кезең-кезеңiмен айқындауды тапсырды.

Бiлiм және ғылым министрi Е. Сағадиев бiлiм беру нысандарын салу, жөндеу, техникалық жабдықтау, гранттарды көбейту, түлектердi жұмысқа орналастыру туралы баяндады. Оның айтуынша, ендiгi ЖОО-лар жабдықтар сатып алумен өздерi айналысады, министрлiк әр ЖОО-ның нақты қажеттiлiктерiн анықтауға еркiндiк бередi.

«Бiз қаржылық, академиялық, басқарушылық еркiндiк беремiз. Гранттар мен ақша төлеп оқитындардан қаражат жинап, өздерiне қажеттi жабдықты сатып алады. Олар өздерi келiсiп, қажеттi нәрсенi сатып алуы үшiн қаржылық еркiндiк беремiз», — дедi Е. Сағадиев.

Бiлiм және ғылым министрiнiң айтуынша, ЖОО жалпы облыстың орталық орны болады. Сонымен қатар, облыста кең бейiндi мамандарды даярлау мақсатында Министрлiк биыл педагогикалық және медициналық мамандықтарға 300 грант бөлдi.

Б. Сағынтаев оқытушылардың бiлiктiлiгiн растау мәселесiне мұқият ден қою қажеттiгiн атап өттi. Бiлiм және ғылым министрiне ТжКББ аясында бiлiм беру мекемелерiмен бiрге жеке Жол картасын әзiрлеу тапсырылды.

Солтүстiк Қазақстан облысына елiмiздiң азаматтарын қоныстандыру және оларды қолдау тетiктерiн дамыту жөнiндегi арнайы жоспарды әзiрлеу туралы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi М. Әбiлқасымова баяндады. Министрдiң айтуынша, алдағы үш жылда Солтүстiк Қазақстан облысына шамамен 3000 отбасын көшiру жоспарланған.

«Әкiмдiк, жұмыс берушi мен қызметкер арасында 20 жылға үшжақты келiсiмшартқа қол қою көзделген. Қоныс аударушыға бес жыл өткеннен кейiн осы тұрғын үйдi жекешелендiрiп алу құқығы берiледi. Алғашқы бес жылда оның арендалық төлем жасауын ұсынамыз. Бiздiң есебiмiз бойынша, бұл — 10 000 теңгенi құрайды, бес жылдан кейiн жекешелендiрiп алу құқығы берiледi, ал келесi 15 жылда арендалық төлем шамамен 20 000 теңге болады және ол негiзгi қарызды өтеу құны ретiнде ескерiлетiн болады», — дедi М. Әбiлқасымова.

Оның айтуынша, жалпы алғанда бұл 3000 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Егер өткен жылы 198 отбасы қоныс аударса, үш жыл iшiнде осы аймаққа 3000 отбасыны қоныс аударту жоспарланған.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Б. Атамқұлов қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн технологиялық жаңғырту туралы айтып бердi.

Бұдан өзге, Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасының басшысы Г. Кәрiмова, кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Қ. Жарова және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т. Сұлтанғазиев сөз сөйледi.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң баспасөз қызметi