
Айыртау ауданындағы «Бабық-бұрлық» ЖШС бидай өнiмдiлiгiнiң рекордын жаңартты. Жұмыс сапары барысында СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловқа гектарынан 62,5 центнер бидай алынған алқап көрсетiлдi. Бұрынғы рекорд 55 ца/га «Тұқым» ЖШС тиесiлi болған едi.
Осындай мол өнiмдi қалай алдыңыз деген сұраққа «Бабық-бұрлық» серiктестiгiнiң басшысы Сейiлбек Махметов қысқаша жауап қайырды: «Жермен айналысу керек».
Осы месседждi Құмар Ақсақалов Қызылжар, Есiл және Айыртау аудандарының алқабындағы кездесулерде әр диқанға жеткiзуге тырысты.
«Жерде жаман жұмыс iстеу тиiмсiз болу керек. Мемлекет аграрлық салаға көмектесiп келедi. Еңбекақының өсуi және басқа әлеуметтiк көмек түрiнде қайырым болу керек», — дейдi өңiр басшысы.
Жердiң берекесiн қашырған иелерге облыс әкiмi «Бабық-бұрлықтың» басшысы Сейiлбек Махметовты үлгi еттi. Қазiр Төменгi бұрлық ауылында барлық тұрғындарға жағдай жасалуда. Орташа еңбекақы 141 мың теңге. Ауылдықтардың үйлерiне орталықтандырылған жылыту жүйесi тартылмақ. Келесi жылы жұмысшыларға үйлер салынады.
«Нан бар, нәтиже бар және тиiсiнше еңбекақыны көтеруге мүмкiндiк бар. Осылай болу керек. Егер шаруашылық жақсы өнiм алмаса, жалақыны қалай көтередi? Осындай диқандармен жергiлiктi билiк тиiстi жұмыс жүргiзу керек», — деп атап өттi облыс әкiмi.
Жалпы, облыс бойынша күзгi орақ науқаны қыза түстi. 13 қыркүйектегi мәлiмет бойынша облыста алқаптың 32 пайызы бастырылды немесе 878 мың га. Орташа өнiмдiлiк 14,9 ца/га. Аймақ басшысы диқандарды қолайлы әр күндi тиiмдi пайданалып, астықты ысырапсыз жинап алуға шақырды.