Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әкiмдiктiң отырысында мәлiмдедi. Қазiргi таңда аталмыш жүйе Астана және Маңғыстау облысында енгiзiлген. Өңiр басшысының айтуынша, әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге арналған жалақы төлеудiң жаңа жүйесiн Солтүстiк Қазақстанда 2019 жылдың алғашқы тоқсанында енгiзу жоспарланған. Жаңа жүйеде жалақы атқарылған жұмысқа байланысты төленедi.
«Жаңа жүйеде фактор-балл шкаласы және бонустар төлеу енгiзiледi. Бұның арқасында жалақыны өсiрiп, қызметшiлердiң мiндеттерiн қайта бөлуге мүмкiндiк туады. Ведомство астындағы ұйымдарға қазiргi шығындарын қысқарту керек. Көп қызмет түрлерiн жеке секторға, аутсорсингқа өткiзу қажет. Мемлекеттiк шығындарды жыл санап қысқартқан абзал», — дедi Құмар Ақсақалов.
Аймақ басшысы жаңа жүйеге өту бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды.