СҚО әкімі кәсіпорындарды мемлекеттік тапсырысқа байланбауға шақырды

СҚО әкімі кәсіпорындарды мемлекеттік тапсырысқа байланбауға шақырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстанның кәсiпорындарын сылбыр менеджмент пен бюджетке тәуелдiлiгi үшiн сынға алды. Облыс әкiмi кәсiпорын басшыларын жаңа нарық көздерiн iздеп, өзге өндiрiс түрлерiн қолға алуға шақырды.

«Кәсiпорын басшылары дұрыс бағдар алмаған. Мемлекеттiк тапсырыс болса жұмыс iстейдi, болмаса отыра бередi. Ешкiм бәсекелеспейдi, ойланғысы келмейдi. Бұл бiздiң зауыттарға, құрылыс компаниялары, жеңiл өнеркәсiп ошақтарына қатысты. Барлығын мемлекеттiк қаражатқа жасағылары келедi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ аймақ басшысы ұн өндiрушi кәсiпорындарды да жаңа нарыққа шығуға шақырды. Ұн өндiрушiлерде Орта Азия елдерiне өнiмдi өткiзу бойынша мәселе туындаған едi. Құмар Ақсақалов қазiр Қытайға ұн мен бидайды экспорттауға бар жағдайдың жасалғанын атап өттi.