Бұл жайында облыстық әкiмдiктiң отырысында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бұл шешiмнiң маңызды екенiн өңiр басшысы атап өттi. Қазiр атқарылып жатқан жобаларды дамытып, жаңаларын да қолға алу керек. Бұл жұмысқа қосымша IT мамандар қажет.
«Бiзге цифрландыру және ақпараттандыру басқармасын құру қажет. Бiз бұл бағдарламаның оң тұстарын көрiп тұрмыз. Бұл бүкiл процестердiң ашықтығы, жұмысшылар уақытын үнемдеу. Барлығы тұрғындарға ыңғайлы болу үшiн жасалуда. Қазiргi бөлiмде жұмыс күшi жеткiлiксiз, сондықтан арнайы басқарма көп мәселелердi шешетiн болады», — дедi Құмар Ақсақалов.
СҚО әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахметтiң айтуынша, цифрлендiру барлық салаларды қамтиды: бiлiм, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлiк және қауiпсiздiк. Қазiр электронды түрде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң көлемi 70 пайызға өсiп, 400 мың өтiнiштi құрады. Мобилдi «Электронды үкiметтi» қолданушылар саны 3 есеге артып, 108 мың тұрғынға жеттi. Цифрлы сауаттылыққа оқыту аясында жазғы уақытта 20 мыңнан аса солтүстiкқазақстандық курстарға қатысты.