Құмар Ақсақалов солтүстiкқазақстандық мектептердi WI-FI желiсiне қосуды тапсырды

Құмар Ақсақалов солтүстiкқазақстандық мектептердi WI-FI желiсiне қосуды тапсырды

Облыстық әкiмдiктiң отырысында мектептердi интернетпен қамтамасыз ету мәселесi талқыланды. Қазiр облыстағы мектептердiң 87% кең жолақты интернетке қосылған. Петропавл мен аудан орталықтарында бұл көрсеткiш 100%, ауыл мектептерiнде 85% құрайды. Жыл соңына дейiн тағы 41 мектепке ғаламтор жетедi. Сөйтiп, жыл соңында мектептердiң 94% кең жолақты интернетке қосылса, интернетпен қамтасыз ету 100% жетедi. Дегенмен, облыс әкiмi облыстағы мектептердiң тек 70% ғана WI FI желiсiне қосылған дейдi.

«Интернет бар, WI FI жоқ. Бұл да қиындықтар туғызады. Әсiресе, үлкен мектептерге. Қызылжар ауданында барлық мектептер интернетке қосылған, алайда WI FI желiсiне тек 25% қосылған. Аудан әкiмдерi келесi жылы бұл бағытқа бюджеттен қаражат қарастырсын», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы бұл мәселенi облыстық бiлiм басқармасының басшысы Гүлмира Кәрiмоваға өз бақылауына алуды тапсырды.

Айта кету керек, жыл соңында солтүстiкқазақстандық оқушылардың 95% «Күнделiк.KZ» бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде жұмыс iстей алады. Қала мектептерiнде «SMART балабақша» және «SMART мектеп» атты пилоттық жобалар жүзеге асып жатыр.