Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықты алдын-алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Комиссияның отырысында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың және құқық бұзушылық профилактикасы, оқушыларда құқықтық сананы тәрбиелеу, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға халықты тарту, бөтен мүлiктi ұрлауға қарсы iс-қимыл бойынша үш мәселе қарастырылды.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы да өттi. Жиналыста мемлекеттiк органдар мен квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң сыбайласқан жемқорлық тәуекелiне iшкi талдауды сапалы жүргiзуi және сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасауға жәрдемдесетiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шара қабылдау, агроөнеркәсiп кешенi саласында сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылыққа қарсы iс-қимыл жөнiнде жүргiзiлген жұмыс бойынша екi мәселе талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкiмi Құмар Ақсақалов мемлекеттiк-құқықтық бөлiмге комиссия мүшелерiнiң пiкiрiн ескерiп, нақты ұсыныстар әзiрлеудi тапсырды.