
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавл қаласын аралап, көркейту жұмыстарының қорытындыларымен танысты.
Ең алдымен өңiр басшысы Пестрое көлiндегi жаңартылып, ұзарған жағажайға барды. Жазғы уақытта жағажай қалпына келтiрiлiп, балалар алаңқайы, шамдар орнатылып, көлiк тұрағы пайда болды. Бұрын жағажай 1 мың адамды сыйғызса, ендi 2 мың адам емiн-еркiн демала алады дейдi Құмар Ақсақалов.
Облыс әкiмi көлде желкендi қайық спортын дамытуға жоспардың бар екенiн айтты. Сондай-ақ, жағажайда әр түрлi фестивальдер өткiзудi тапсырды. Құмар Ақсақалов көлдiң жағасында халықаралық рок фестивалiн өткiзуге болады дедi.
Петропавлда биыл Жамбыл және Қизатов көшелерiнiң бойындағы саябақтар қалпына келтiрiлдi. Қариялармен кездескен өңiр басшысы бұл үрдiс келесi жылы да жалғасын табады дедi. Әр шағын ауданда саябақтар ашылу керек.
Облыс орталығында жаңа жарық жүйесi орнатылуда. 9 көшеде 2 мыңнан аса жарық шамдары орнатылды. Бұл шамдар жарық әрi энергия үнемдейдi. Шамамен 62 пайызға. Қала бюджетi жылына 12 миллион теңгенi үнемдеп отырады.
Жұмабаев көшесiнде Шаңырақ iспеттi сәулеттiк форма орнатылды. Қаланың көркi болған Шаңырақ ұлттар достығының символы сынды.
Аймақ басшысы Болатбаев көшесiндегi аулаға соғып, тұрғындармен тiлдестi. Биыл бұл аулада асфальт төселiп, жаңа балалар алаңқайы орнатылды. Қала бойынша барлығы 110 аула жаңартылды.
«Биыл бұл бағытқа 600 миллион теңге жұмсадық. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 2017 жылы 300 миллион теңге бөлiндi. 2016 жылы аулаларды абаттандыруға аз қаражат жұмсалды. Келесi жылы қалған 100 ауланы қалыпқа келтiремiз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Қала бойынша шағын футбол алаңдары да салынуда. Биыл 10 алаң тұрғызылды. Сонымен, Петропавлда олардың саны 73-ке жеттi. Қарапайым көшелiк жаттығу құрылғылары да орнатылуда. Аулаларда 10 шақты көше кешенi қойылды.