
Тайынша ауданында СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың қатысуымен «Bio operations» зауыты iске қосылды.
«Bio operations» елiмiз және оның iшiнде СҚО үшiн стратегиялық маңызға ие өндiрiс ошағы. Жалпы инвестиция көлемi 11 миллиард теңге. Кәсiпорын жылына 300 мың тонна бидайды өңдей алады. Өндiрiске тек жергiлiктi шикiзат қолданылады.
«Зауытта 400 адам жұмыс iстейтiн болады және олардың барлығы жергiлiктi тұрғындар. 50 мың басқа шақталған шошқа кешенi де жұмысын жаңғыртты. Жуық арада Орталық Азиядағы теңдесi жоқ ет комбинаты да iске қосылады. Комбинаттың қуаттылығы 15 мың тонна ет. Болашақта жұмыспен 1000 адам қамтылмақ. Бюджетке жылына 100 миллион теңге салық түседi», — дедi Құмар Ақсақалов.
Бүгiн крахмал мен желiмтiк шығаратын цех iске қосылды. Келесi жылы зауыт биоэтанол өндiре бастайды. Биоэтанол бензиннiң октан санын көбейтiп, экологиялық таза қылады. Қазiр елiмiздiң мұнай өңдеу зауыттарымен биоэтанолды жеткiзу бойынша келiссөздер жүргiзiлуде. Отандық мұнай зауыттарының Еуро-5 бензинiн шығаруға көшкенiн ескерсек, отандық биоэтанолға сұраныс жоғары болады.