Петропавлда әмбебап теннис орталығы ашылды

Петропавлда әмбебап теннис орталығы ашылды

Петропавлда облыс әкiмi Құмар Ақсақалов пен Қазақстан теннис Федерациясының президентi Болат Өтемұратовтың қатысуымен заманауи теннис орталығының ашылу рәсiмi өттi. Спорт нысаны мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында салынды.

Кешен 4 жабық және 3 ашық теннис кортынан тұрады. Екi жабық корт баскетбол мен волейболға арналған әмбебап алаңға айнала алады. Трибунаға 1200 адам сыйып кетедi. Теннис кешенiнде республикалық және халықаралық жарыстар өткiзуге болады.

Осындай әлемдiк талапқа сай нысанның ашылуы өңiр тұрғындарын тенниспен айналысуға итермелейдi. Ендi облыста бұған бар жағдай жасалған.

«Жаңа теннис орталығы облыстағы теннистiң дамуына, осы спорттан жеңiмпаздардың көбеюiне ерекше үлес қосатын болады», — деп атап өттi.

Меймандар мен көрермендер үшiн жергiлiктi теннисшiлер жолдастық ойын өткiздi.