Солтүстiкқазақстандық диқандар мол өнiм жинады

Солтүстiкқазақстандық диқандар мол өнiм жинады

Солтүстiк Қазақстан облысында күзгi орақ науқаны аяқталды. Биыл солтүстiкқазақстандық диқандар жақсы өнiм жинап алды. 5,3 млн. тонна бидай қамбаға құйылды, орташа өнiмдiлiк гектар басынан 19 центнердi құрады. Былтырғы жылы гектар берекелiгi 18,2 центнердi құраған болатын. Өнiмдiлiктiң өсуi — диқандардың тынымсыз еңбегi мен мемлекеттiк қолдаудың заңды нәтижесi.

Облыста картоп пен көкөнiстердi жинау науқаны да тәмамдалды. Биыл СҚО бойынша картоп алқаптары 27 мыңнан 37 мың гектарға дейiн ұлғайтылған болатын. Терiскейде биыл картоп бiтiк шықты, 588 мың тонна өнiм жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда өнiм көлемi 18 пайызға артты. Өңiрде 110 мың тонна көкөнiс жиналды. Бұл шаралар облыста азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп, картоп пен көкөнiс бағасының негiзсiз өсуiне жол бермеуге бағытталып отыр.