СҚО әкiмдiгiнде Азия және Пара Азия ойындарының жүлдегерлерiне құрмет көрсетiлдi

СҚО әкiмдiгiнде Азия және Пара Азия ойындарының жүлдегерлерiне құрмет көрсетiлдi

Облыстық әкiмдiкте өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Азия және Пара Азия ойындарының жүлдегерлерiмен кездестi.

Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарында 45 елден 13 мың спортшы қатысты. 500 спортшы Қазақстанның намысын қорғады. Бiздiң облыстан жарысқа 12 атлет аттанды. Азия ойындарында солтүстiкқазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күмiс және 3 қола медалдi жеңiп алды. Пара Азия ойындарында да спортшыларымыз ерледi, 2 қоланы қанжығаларына байлады.

Облыс әкiмiмен кездесуге iрi додадан жүлдемен оралған Алексей Луценко, Маргарита Мукашева, Михаил Литвин, Сергей Харламов пен Иван Залезняк келдi. Аймақ басшысы жетiстiкке жетiп, елдiң абыройын асқақтатқан спортшыларға алғысын бiлдiрдi.

Кездесу барысында марапаттау рәсiмi өттi. Азия ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы Алексей Луценкоға Құрмет грамота мен 1 млн.теңге көлемiнде сыйлықақы табысталды. Азия ойындарының күмiс жүлдегерi Маргарита Мукашева Құрмет грамота мен 500 мың теңгеге ие болды. Қола жүлдегер Михаил Литвин Құрмет грамота мен 300 мың теңге алды. Құмар Ақсақалов Пара Азия ойындарының қола жүлдегерлерi Сергей Харламов пен Иван Железнякқа Алғыс хат пен 300 мың теңгеден сыйлықақыны табыс еттi. Спортшылардың бапкерлерi де марапатқа ие болды. Солтүстiкқазақстандық атлеттердiң атынан Алексей Луценко мен Маргарита Мукашева сөз сөйлеп, өңiрдегi спорттың дамуына зор қолдау үшiн алғыстарын жеткiздi.