
Облыс әкiмi, «Нұр Отан» СҚОФ төрағасы Құмар Ақсақалов пен партия хатшысы Илья Теренченко XXVIII есептiк-сайлау конференциясына қатысты.
Конференцияда өңiрлiк партия филиалын жаңғырту, бастауыш ұйымдардың бағдарламалық құжаттарды iске асырудағы жұмысы және «Жастар жылы» аясында мемлекеттiк жастар саясатын дамыту мәселелерi қаралды.
Өңiр басшысы түсiндiру және бақылау жұмысын жандандыруды тапсырды. Өңiр тұрғындары облыстағы және елiмiздегi оң өзгерiстердi бiлiп отыру керек.
«Ұжымдарда партия мүшелерi сайлауалды бағдарлама негiзiнде не жасалды және қандай жұмыстар атқарылатындығын түсiндiру керек. Бұл мәслихат депутаттарына да қатысты. Бiзде ауылдарда және ұжымдарда сайлауалды бағдарлама бойынша не iстеу керектiгiмiз айқын болу керек», — дедi Құмар Ақсақалов.
Құмар Ақсақалов ешкiмдi партияға мүше болуға мiндеттемеу керек дейдi. Белсендi партия мүшелерi «Нұр Отанның» халық арасындағы байланыс көпiрi iспеттi болуы тиiс.
«Мысалы, «Қызылжар Су» ұйымында» 1 мыңға жуық жұмысшы бар, оның 350-i партия мүшесi. Бәрi бiрдей партияға кiруi мiндеттi емес. Егер бұндай жағдайлар тiркелсе, дұрыс емес. Жұмысшылардан құралған белсендi партия мүшелерi қалған 650 жұмысшыға партияның саясатын түсiндiру керек. Барлық жерде осындай жұмыс жүргiзiлген абзал», — дейдi өңiр басшысы.