
Петропавлда Қазақстан-Ресей өңiраралық форумының аясында туризм тақырыбына арналған көрменiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Ашылу рәсiмiне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов, ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы және РФ федералдық туризм агенттiгiнiң басшысы Олег Сафонов қатысты.
Көрменiң ашылуында сөз сөйлеген өңiр басшысы Құмар Ақсақалов аталмыш оқиға екi елдiң достығына, туризм саласына үлкен ықпалын тигiзедi деп атап өттi.
«Бiздiң өңiрде Имантау-Шалқар курорт аймағы ресейлiктердiң қызығушылығын туғызып отыр. Соңғы кезде көршi елден келетiн туристердiң саны екi есеге артты. Бұндай көрiктi жерлер бiздiң облыста көп, басқа өңiрлерде де бар. Бiздiң мақсатымыз — адамдар осындай айшықты жерлердi танып, көруi керек. Бiздiң елдерiмiздiң ортақ тарихы бар. Осының барлығын бүгiн-ертең форумның аясында талқылайтын боламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Көрмеге Ресей мен Қазақстанның өңiрлерi мен туристiк компаниялар қатысуда. Форумға 2 мың делегат ретiнде келдi. Көрмеде туризм саласындағы соңғы технологиялар мен жаңалықтар паш етiлуде. Көрме аясында панелдiк сессиялар өтiп, оған белгiлi сарапшылар қатыспақ.