Назарбаев СҚО әкiмiнiң Қазақстан мен Ресей шекарасынан өту тәртiбiн жеңiлдету ұсынысын қолдады

Назарбаев СҚО әкiмiнiң Қазақстан мен Ресей шекарасынан өту тәртiбiн жеңiлдету ұсынысын қолдады

Ресейден Қазақстанға келетiн туристердiң көбеюiне байланысты екi елдiң шекарасынан өтудi жеңiлдету керек. Өңiраралық форумда СҚО әкiмi осындай ұсыныспен шықты.

«Бiз келесi жылы облысқа демалуға келетiн ресейлiктердiң саны бiраз өседi деп күтудемiз. Сондықтан, кедендiк бекеттерге ауыртпалық түседi. Әсiресе, жазғы уақытта ұзын сонар кезектер болады. Бiз шекарадан өту тәртiбiн жеңiлдетудi сұраймыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Елбасы СҚО әкiмiнiң ұсынысын қолдады.

«Кедендiк бекеттен өту кезiнде мейлiнше қолайлы жағдайлар жасау керек. Пунктердiң инфрақұрылымы әзiрге талапқа сай емес. Сондықтан екi елдiң үкiметтерi осы мәселенi шешу қажет», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.