Нұрсұлтан Назарбаев СҚО басшылығының жұмысына оң бағасын бердi

Нұрсұлтан Назарбаев СҚО басшылығының жұмысына оң бағасын бердi

Петропавлда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев СҚО жұртшылығымен кездестi. Кездесу барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдiң 9 айдағы даму қорытындылары туралы айтты.

Тоғыз айда облыстың экономикасы 105,3%-ға өстi. Құрылыс жұмыстарының көлемi 40 пайызға артты. Солтүстiк аграрлық салаға 60 млрд. теңге инвестиция құйды. Биылғы күзгi орақ сәттi аяқталып, 5,3 млн. тонна астық қамбаға бастырылды. Өңiрде iрi жобалар жүзеге асуда.

Баяндаманы тыңдаған Елбасы СҚО жақсы қарқынмен дамып келедi дедi.

«Облыстың экономикалық көрсеткiштерi жақсы, республикалық деңгейден жоғары. Зауыттарыңыз үлкен, азаматтық және қорғаныс өнiмдерiн шығарады. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге көп көңiл бөлу керек», — дедi Мемлекет басшысы.

Президент форумға дайындық аясында Петропавл қаласының құлпырғанын айтты.

«Форумды өткiзу үшiн арнайы бағдарлама жасадық. Қала қатты өзгерген. Облыс әкiмi жақсы жұмыс iстедi. Алда алар асулар көп», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.