Қайрат Омаров Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды

Қайрат Омаров Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Қайрат Қайроллаұлы Омаров Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi болып тағайындалды.

Қайрат Қайроллаұлы 1979 жылы 15 наурызда Көкшетау облысы Володар ауданы, Прекрасный ауылында туған.

«Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданы Прекрасный орталау мектебiнде мұғалiм болудан бастады.

2004-2007 жылдар аралығында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әдiлет басқармасының жетекшi, бас маманы болып жұмыс iстедi.

2007-2008 жылдар аралығында Айыртау ауданы әдiлет басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.

2008-2012 жылдар аралығында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша бөлiмiнiң бастығы болды.

2012-2015 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң экономика және ауыл шаруашылығы жөнiндегi орынбасары қызметiн атқарды.

2015 жылдан бастап, осы күнге дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.