Петропавлда жаңа шiркеу ашылды

Петропавлда жаңа шiркеу ашылды

Облыс орталығының «Береке» ықшам ауданында жаңа шiркеу бой көтердi. Ашылу рәсiмiне облыс әкiмi Құмар Ақсақалов пен Астана және Қазақстан митрополитi Александр қатысты. Храмға келушiлердi айтулы оқиғамен өңiр басшысы құттықтап, облыстағы дiнаралық татулықтың маңыздылығын атап өттi.

«Елбасы ұлтаралық және дiнаралық татулыққа көп көңiл бөледi. Қазiр облыста мешiт, шiркеу мен костелдердiң үйлесiп орналасқанын көрiп отырмыз. Бiздiң мақсатымыз — осы бiрлiгiмiздi сақтау», — дедi Құмар Ақсақалов.

Айта кету керек, бұл облыс орталығындағы 5-шi шiркеу болып табылады.