
Солтүстiк Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы қызметкерi күнi аталып өтiлдi. Ауыл еңбеккерлерiн атаулы мерекемен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтап, аграрлық сектордың жеңiстерi мен жемiстерiн тiлге тиек еттi.
2018 жыл — ауыл шаруашылығы қызметкерлерi үшiн толағай табыстарға толы болды. 10 айдың қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 464 млрд. теңгенi құрады. Аграрлық салаға 61 млрд. теңге инвестиция құйылды. 5,3 миллион тонна бидай қамбаға бастырылды. Майлы дақылдардың алқабы ұлғайып, 1 млн. га жеттi. 1 миллион тонна майлы дақыл жиналды. Бидайдың жалпы өнiмi 61 млрд., майлы дақылдар 25 млрд. теңгеге ұлғайды. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi бiр жұмысшыға 2,4 млн. тг. құраса, жыл соңына дейiн бұл көрсеткiш 3 млн.теңгеге жетпек.
Салтанатты жиын барысында өңiр басшысы бiрқатар ауыл еңбеккерлерiне адал еңбегi және кәсiби шеберлiгi үшiн медалдар мен грамоталарды табыс еттi.