Солтүстiк Қазақстанда Тұңғыш Президент күнi қарсаңында 130 отбасы баспанаға ие болды

Солтүстiк Қазақстанда Тұңғыш Президент күнi қарсаңында 130 отбасы баспанаға ие болды

ҚР Тұңғыш Президентi күнi қарсаңында Солтүстiк Қазақстан облысында 40 шақты әлеуметтiк маңызы бар нысандар ашылуда. Жүз шақты солтүстiкқазақстандық қоныс тойын тойлады. Петропавл мен Қызылжар ауданының тұрғындары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлерге ие болды.

Петропавлда 96 пәтерлiк тұрғын үй қолданысқа берiлдi. Үйдiң ашылу рәсiмiне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов қатысып, қоныс иелерiне пәтер кiлттерiн табыстады.

«Бүгiн облыста мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, әлеуметтiк саласында 40 нысан ашылып жатыр. Бүгiн «Береке» ықшам ауданында 100 отбасы жаңа пәтерге ие болуда. Бiз елiмiзде құрылыс қарқыны бойынша үздiктердiң қатарындамыз. Биыл облыста 1600 тұрғын қоныс тойын тойлайды», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Баспананы кезекте тұрған азаматтар «сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй» бағыты бойынша алды. Аталмыш бағыт көпбалалы және толық емес отбасылар, жетiмдерге, мүгедектерге және басқа да топтарға арналған.

Құмар Ақсақалов пәтер кiлтiне ие болған қала тұрғындарының шаңырақтарына бас сұғып, қоныстоймен құттықтады.

Мереке қарсаңында Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 30 пәтерлiк тұрғын үй қолданысқа берiлдi. Қызылжарлықтарға пәтер кiлттерiн салтанатты түрде өңiр басшысы Құмар Ақсақалов табыс еттi. Баспанаға көп балалы және толық емес отбасылар, жетiмдер мен үйi күйген азаматтар ие болды.