Тағайындау

Тағайындау

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Ерболат Мұратұлы Бекшенов СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ерболат Бекшенов 1973 жылы туған, Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген. Еңбек жолын «Бекшенов» шаруа-фермерлiк қожалығы басшысының орынбасары болып бастады. «Ет» ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi, Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi, Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметтерiн атқарды.

2014-2018 жылдары Мамлют ауданының әкiмi болып жұмыс iстедi.

2018 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейiн СҚО жер қатынастары басқармасының басшысы болды.