Петропавлда  кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығы қайта ашылды

Петропавлда  кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығы қайта ашылды

Бес жылдық үзілістен кейін орталық жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңартылған орталықтың жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

«Бұл жерде өмірлік қиын жағдайға тап болып, мемлекет қамқорлығына мұқтаж 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар орналаспақ. Осы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға жан-жақты қамқорлық көрсету және толыққанды дамуына жағдай жасау айрықша маңызды»,- деді өңір басшысы.

Мұнда балалардың тұруы, білім алуы, бос уақытын тиімді өткізуі және демалуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Сондай-ақ медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Жаңа орталыққа өңір басшысы автокөліктің кілтін табыстады.