Әкімдіктің қорытынды отырысы: 11 айдың  даму қорытындысы және ЖИ-экожүйесін дамыту

Әкімдіктің қорытынды отырысы: 11 айдың  даму қорытындысы және ЖИ-экожүйесін дамыту

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңір барлық негізгі салаларда тұрақты экономикалық өсім көрсетіп отыр. Өнеркәсіп және өңдеуші секторында облыс Республика бойынша бірінші орында. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша үшінші орында, сүттің өндірісі бойынша екінші, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша облыс ел бойынша 3-орында.

Шетелдік инвестиция тарту бойынша жоспар 2 есеге артық орындалып, 128,9 млн АҚШ долларын құрады. Көтерме сауда көлемі бойынша өңір елдің үздік бестігінде. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жүйелі түрде жалғасын табады.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту және интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Қазіргі таңда ауылдық елді мекендердің 92,9%-ы интернет желісіне қосылған. Алдағы міндет - телекоммуникациялық инфрақұрылымды одан әрі кеңейту арқылы бұл көрсеткішті 98%-ға жеткізу. Сонымен қатар өңірде жасанды интеллект экожүйесі кезең-кезеңімен қалыптасуда. Елде алғаш рет аудандық IT-орталықтар ашылуда. Жыл соңына дейін мұндай орталықтар 7 ауданда іске қосылады. Бұл, әсіресе ауыл тұрғындары үшін цифрлық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, білім беру мен кәсіпкерлікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жиын барысында облыс басшысы аудан және қала әкімдеріне, сондай-ақ барлық жауапты қызметтерге алдағы мерекелік күндер қарсаңында жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету, жолдарды уақытылы тазалау, жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру, сондай-ақ алғашқы қажеттілік тауарлары бағасының өсуін болдырмау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.