Есіл ауданында «Nomads-AI» креативті орталығы ашылды

Есіл ауданында «Nomads-AI» креативті орталығы ашылды

«Nomads-AI» еркін ойлауды, мобильділікті және дамуға деген тұрақты ұмтылысты білдіреді, ал көшпенді бейнесі тарихи тамырларымызбен үндесіп, қазіргі заманғы икемді әрі болашаққа бағытталған білім мен еңбек философиясын айқындайды. Ол заманауи технологияларды, білім беруді және креативті индустрияларды біріктіріп, жастарға, IT-мамандарға және стартап-командаларға бағытталған.

Орталықта төрт негізгі алаң бар: коворкинг-кеңістік, робототехника мен 3D-жоспарлауды оқыту аймағы, жасанды интеллект пен стартап-жобаларды дамыту алаңы және медиастудия. Медиастудия кәсіби камерамен, микрофон, хромакей және софтбокспен жабдықталған, бұл фото-, видео- және цифрлық контентті, оқу және презентациялық материалдарды жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ мәтін жазу мен дыбыстық сүйемелдеуді кәсіби деңгейде жүргізуге жағдай жасалған.