
Республика күні қарсаңында өңір депутаттары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына мемлекеттік қызмет жүйесіндегі көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалі табысталды.