Аққайың ауданының Дайындық ауылында үш бірдей әлеуметтік нысан ашылды

Аққайың ауданының Дайындық ауылында үш бірдей әлеуметтік нысан ашылды

Бүгінде Дайындық ауылын өңірдегі алдыңғы қатарлы елді мекендердің бірі деп нық айтуға болады. Бар-жоғы бірнеше жыл бұрын бұл ауылда небәрі 28 үй болса, қазіргі таңда олардың саны 86-ға жетті. Ауылға жаңа отбасылар қоныстанып, тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік нысандар бой көтеруде.

«Ауылдың өсіп-өркендеуіне аянбай үлес қосып жүрген жерлесіміз  Біржан Шаймерденовке ерекше алғысымды білдіремін. Тек биылдың өзінде, ол жеке қаражаты есебінен ауылда балабақша, 300 орындық Мәдениет үйі, спорт кешенін салып, мәдени-сауықтыру орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін 15 тұрғын үй салды. Бұл – бизнес өкілдерінің халық дамуына белсене араласуының нақты үлгісі»,- деді облыс әкімі.