Қызылжар ауданында бөгеттерді қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылжар ауданында бөгеттерді қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылжар ауданында бөгеттерді қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

 Өңір басшысы жұмыстардың барысын бақылады. Тепличное және Прибрежное ауылдарында жер қазу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, қорғаныс бөгетін темірбетонмен нығайту жұмыстары қатар жүргізілуде. 

«Жұмыстардың сапасы мен мерзіміне ерекше көңіл бөлінуде. Құрылыс барысының әр кезеңін тұрақты бақылауда ұстауды Қызылжар ауданының басшылығына тапсырдым. Сондай-ақ, Прибрежное ауылындағы көпір өткелімен бірге автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту мәселесі де бақылауымда. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы бастауды жоспарлап отырмыз.»,- деді өңір басшысы