
15 қыркүйекте Үкімет 8 негізгі бағыттан тұратын жоспарды бекіткен болатын. Негізгі мақсаты - экономиканы жедел дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Әр бағыт бойынша өңірде жүзеге асыратын басымдықтар айқындалды.
🔹 Ауыл шаруашылығы кешенін дамыту: Біздің облыс алдыңғы қатарлы аграрлық аймақ болып табылады. Бүгінгі міндетіміз – ауыл шаруашылығы өнімдерінің әртараптандырылуын төмендетпей, тиімділігін арттыру. Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есеге арттыруға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
🔹 Экономиканың дамуы инвесторларға қолайлы жағдай жасауға тікелей байланысты. Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулына СҚО-ның 51 жобасы енді. Бүгінде арнайы экономикалық аймақ қарқынды дамуда. Үкімет қолдауымен Тайынша ауданы мен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда екі жаңа қосалқы аймақ ашылды.
🔹 Цифрландыру және жасанды интеллект:
Бұл - барлық салаларды қамтитын негізгі бағыт. Өңірде Цифрландыру офисі құрылып, СҚО цифрлық даму стратегиясы мен оны жүзеге асырудың жол картасы дайындалды. Осы бағыттағы жұмыстар жеделдетілетін болады.
📍 Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жылу жүйелерінің үздіксіз және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде. ЖЭО-2 станциясы белгіленген талаптарға сәйкес жөнделіп, қысқы кезеңде тұрақты жұмысқа дайын. Облыс бойынша қазандықтар алдағы маусымға дайындалды, әлеуметтік маңызы бар нысандарда дайындықты аяқтады.