Облыс әкімі Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесу өткізді

Облыс әкімі Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесу өткізді

Облыс әкімі Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесу өткізді. 

Компания өңір аумағында стратегиялық маңызы жоғары жоба - «Сырымбет» қалайы кен орнын игеру жұмысын жүзеге асыруда. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 150 млрд теңгені құрайды.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы өңір экономикасының дамуына қуатты серпін беріп, 800-ден астам жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. 

Solidcore Resources құрамына кіретін «Tin One Mining» АҚ мен Айыртау аудандық агротехникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл - тау-кен өндірісі саласына қажетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Жобаны іске қосу 2028 жылға жоспарланған. Жұмыстардың іске асырылу барысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.