«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қайта қабылданады

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қайта қабылданады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпаратминистрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатыда 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантынтағайындады.

2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау T.URPAKTARY25@GMAIL.COM поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім («Ғылым» -130, «Мәдениет»-131, «Ақпараттық технологиялар» -218, «Бизнес» - 644, «Медиа»- 145, «Волонтерлік» - 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар тарапынан қабылданды ( тізімді сілтеме бойынша көре аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/856999?lang=kk)

Өтінімдердің көптігіне байланысты 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-ден бастап Gmail-дің өтінімдерді қабылдауға арналған электрондық пошта істен шығып, бұғатталды. 5 қыркүйектен бастап электрондық поштаны қалпына келтіру мақсатында IT мамандармен жұмыс жасалды, сондай-ақ Google компаниясының әкімшілігіне өтініштер жіберілді. Бірақ поштанықалпына келтіру мүмкін болмады.

Жоғарыда аталған техникалық мәселелері ескереотырып, конкурстық өтінімдер 2025 жылдың 9-19 қыркүйек аралығында, түнгі сағат 24:00-ге дейінT.ZAIAVKA2025@BK.RU электронды поштасы арқылықабылданады.

Тізімде бар 186 адамның өтінімдері қайта жіберудіқажет етпейді.

Грант бөлудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекет тарапынан қолдау.

2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден30 грант берілетін болады.

Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жастықоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматыүміткер бола алады.

Грант 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшінконкурстық негізде беріледі:

  • «Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды жәнезерттеулерді іске асыруға арналған;
  • «Мәдение» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымалетуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнердіілгерілетуге бағыттлған жобаларды іске асыруғаарналған;
  • «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
  • «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруғаарналған;
  • «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішіндежастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құружөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
  • «Волонтерлік» – өзекті,әлеуметтік проблемалардышешуге бағытталған волонтерлік жобаларды(бастамаларды)іске асыруға арналған.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі(мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстықөтінім (PDF форматы);
  2. 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаныңсипаттамасы (word форматы);
  3. Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтанаспайтын) немесе презентация
    (10 слайдтан аспайтын);
  4. 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындарсметасының жобасы
    (word форматы);
  5. Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
  6. Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі(PDF форматы).

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөзқызметі