ШЕКАРАСЫЗ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОРТАЛЫҚ ҚҰРАДЫ

ШЕКАРАСЫЗ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОРТАЛЫҚ ҚҰРАДЫ

Қазақ — Қытай Іскерлік кеңесі аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице — премьері, ҚКП ОК Саяси бюросының тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсянның қатысуымен корпорациямен бірлесіп М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ғылыми Аграрлық Орталық құру жөнінде Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев пен «Айцзю»корпорациясының директоры Цзя Цзин қол қойды. 

Қол қойылған меморандум СҚУ-дың  «Айцзю» корпорациясы және Қозыбаев университетімен  2017 жылдан бері әріптестік орнатқан Қытайдың солтүстік — батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірегей ғылыми — білім беру серіктестігін дамыту үшін негіз болмақ.  Келешекте озық агротехнологияларды енгізу, жоғары білікті мамандарды даярлау, инвестициялар тарту және Қазақстанның аграрлық секторының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін платформа құрылады.