Облыс әкімінің Конституция күнімен құттықтауы

Облыс әкімінің Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Баршаңызды еліміздің мерейлі мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз елдігіміздің тұғыры – Ата Заңымызды ерекше қастерлей отырып, оның әрбір қағидасының өмірлік ұстанымға айналуын басты құндылық ретінде бағалап келеміз. Соның нәтижесінде асқар асуларды бағындырып, биік белестерге көтерілдік, еңселі де қуатты мемлекетке айналдық.

Баршаңызды осы маңызды мерекемен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, әр отбасыға бақ — береке тілеймін.