Елбасы солтүстiкқазақстандық балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады

Елбасы солтүстiкқазақстандық балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады

Петропавлда оқушылар сарайында Президент шыршасы өттi. Жаңажылдық мейрамға үздiк оқушылар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары, мүгедек және жетiм балалар қатысты. Барлығы шыршаға 350 бала қатысып отыр. Мерекелiк шараға облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

Елбасы балаларға бейне сәлемдеме жолдап, келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Мерекенiң кiшкентай қонақтары Президенттiң атынан сыйлықтарға ие болды. Жас солтүстiкқазақстандықтарды келе жатқан мерекемен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов та құттықтады.