Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Мамлют ауданының әкiмi болып Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев тағайындалды.
Руслан Аңбаев 1978 жылы СҚО, Тимирязев ауданына қарасты Целинное селосында дүниеге келген.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдады, заңгер және агроном мамандықтарына ие.
Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетiнде аудит бөлiмiнiң аға салық инспекторы болып бастады.
2002 жылдан 2015 жылға дейiн Есiл, Тайынша және Тимирязев аудандарындағы салық қызметi органдарында әр түрлi қызметтердi атқарды.
2015 жылдан осы күнге дейiн СҚО әкiмi аппараты басшысының орынбасары қызметiн атқарып келдi.