Петропавл мен Шарм-Эль-Шейх арасында әуе рейсi ашылады

Петропавл мен Шарм-Эль-Шейх арасында әуе рейсi ашылады

Бұл жөнiнде СҚО жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының алқа отырысында белгiлi болды.

Бүгiнгi таңда Петропавл әуежайы Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан әуе рейстерiн қабылдайды. 2018 жылы әуежай 17 мыңнан аса жолаушы қабылдаған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 13% көп.

«Әуе рейстерiнiң санын ұлғайту керек. Баға қазiр көңiлге қонымды. Астанаға дейiн билет құны бар болғаны 10 мың теңге. Жолаушылардың саны бiршама өстi. Бұл жұмысты одан әрi күшейту қажет. Бiз әуежайды басқаруды жеке компаниялар мен шетелдiк инвесторларға беруге дайынбыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыста танымал шетелдiк курорттарға әуе рейстерiн ашу бойынша қарқынды жұмыс атқарылуда. Жазда солтүстiкқазақстандықтар Мысыр елiнiң Шарм-Эль-Шейх курортына Петропавлдан тiкелей рейспен ұшып бара алады.

«Бүгiнгi таңда Петропавл әуежайы, «Скат» әуекомпаниясы мен жергiлiктi турфирмамен Шарм-Эль-Шейх курортына тiкелей әуе рейсiн ашу туралы келiсiмге келдiк. Ұшақтар шiлде айынан қыркүйекке дейiн, яғни жаз айларында қатынайтын болады», — дедi СҚО жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцев.