Солтүстiк Қазақстанда жолдарды жөндеуге 37 млрд. теңге бөлiндi

Солтүстiк Қазақстанда жолдарды жөндеуге 37 млрд. теңге бөлiндi

Бұл мәлiметтi СҚО әкiмдiгiнiң отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов жариялады.

Солтүстiк Қазақстан облысында автомобиль жолдарын жөндеуге арналған қаржы жыл санап өсiп келедi. Соңғы үш жылда 1900 шақырым жол жөнделдi. Былтыр 675 шақырым жолды жөндеуге 33 млрд. теңге бағытталды.

2019 жылы 705 шақырым жол жөнделмек. Бұл мақсатқа рекордтық қаражат жұмсалмақ.

«Биыл жолдарды жөндеуге 37 млрд. теңге бөлемiз. Салыстыру үшiн айтсам, 2017 жылы бұл бағытқа 21 млрд.теңге бағытталды. Үлкен айырмашылық. Бұрын жолдарды жөндеуге мұндай қаржы бөлiнбейтiн», — дедi Құмар Ақсақалов.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда жолдарды жөндеу үрдiсi 62 мың тұрғыны бар 128 елдi-мекендi қамтыды.