
Бұл жайында Петропавл қаласы әкiмiнiң қорытынды есептiк кездесуiнде белгiлi болды. Кездесуге облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты. 2018 жылы аулаларға 600 млн.теңге бөлiндi. Биыл да тағы қосымша қаржы жұмсалмақ.
«Мұндай сомадағы ақша аулаларға бұрын бөлiнбеген. Былтыр көп жұмыс атқарылды. Алайда, бәрiн бiтiруге үлгермей қалдық. Сондықтан, биыл тағы 500 млн.теңге бөлiп, мәселенi жабамыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Облыс әкiмi соңғы жылдары Петропавл бюджетiнiң өскенiн атап өттi. 2016 жылы 31 млрд.теңгенi құраса, 2018 жылы 40 млрд.теңгеге жеттi. Биыл 50 балалар алаңқайы, 10 футбол алаңы орнатылады. Қалалық саябақтарды абаттандыру да басым бағыттың бiрi.
Облыс әкiмi қоғамдық көлiкке көптеген шағымдардың түсетiнiн айтып, автобустарға бейнебақылау орнатуды тапсырды. Тасымалдаушы компаниялармен бiрiгiп, аталмыш мәселенi шешу керек, дедi өңiр басшысы.