
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Ербол Болатұлы Сағдиев Есiл ауданының әкiмi болып тағайындалды. Есiл ауданында жұмыс сапарымен болған өңiр басшысы Құмар Ақсақалов аудан активiне жаңа әкiмдi таныстырып, нақты мiндеттер қойды.
Ербол Сағдиев 1961 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданындағы Өндiрiс ауылында туған. Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн құрылыс бакалавры және ауыл шаруашылығы бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай мемлекеттiк облыстық ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясында зоотехник болып бастаған.1988-1992 жылдары Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы СОКП ХХIУ съезi атындағы кеңшардың директоры болды.1992-2003 жылдары коммерциялық кәсiпорындарға жетекшiлiк еттi.
2003-2015 жылдары Ақмола облысындағы Зерендi, Атбасар, Сандықтау аудандарының әкiмi қызметтерiн атқарды. 2015-2017 жылдары Шал ақын ауданының әкiмi болды. 2017 жылдан осы тағайындауға дейiн Тимирязев ауданын басқарды.