СҚО басшысы Жамбыл ауданының жаңа әкiмiн таныстырды

СҚО басшысы Жамбыл ауданының жаңа әкiмiн таныстырды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Мұратбек Жапасұлы Әбiшев Жамбыл ауданының әкiмi болып тағайындалды. Аудан активiне жаңа басшысы облыс әкiмi Құмар Ақсақалов таныстырып, бiрқатар мiндеттер жүктедi.

Мұратбек Әбiшев 1965 жылы Челябинск облысында туды. Агроном мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдады.

Еңбек жолын «Қаракөл» кеңшарында 1989 жылы бастады. 1991-2011 жылдары коммерциялық ұйымдарды қызмет атқарды.

2011-2013 жылдары Қостанай облысының Алтынсарин ауданы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, Ақмола облысының Есiл ауданы, Есiл қаласының әкiмi болып еңбек еттi.

2013 жылдан осы күнге дейiн СҚО, Есiл ауданының әкiмi болды.