
СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Бейбiтбек Шыңдалыұлы Жайлыбаев СҚО әкiмдiгiнiң жер инспекциясы басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы болып тағайындалды.
Бейбiтбек Шыңдалыұлы 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын, Жамбыл гуманитарлы-техникалық университетiн зооинженер, экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдады. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты болып бастады. Әр жылдары Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл шаруашылығы ұйымдарында қызмет еттi.
2005-2015 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкiмi аппаратының басшысы, Т. Рысқұлов ауданы ауыл шаруашылығы және кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы, Т. Рысқұлов ауданы әкiмiнiң орынбасары, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерiн атқарды.
2015-2016 жылдары Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкiмi болып жұмыс iстедi.
2016 жылдан бастап осы күнге дейiн Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасының басшысы қызметiн атқарды.