
Бұл - Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобасы аясындағы Петропавлдағы екінші білім ордасы.
Жобаны іске асыру облыс орталығындағы оқушы орындарының тапшылығын азайтуға және балаларымыз үшін жайлы, қауіпсіз әрі цифрлық білім беру ортасын қамтамасыз етуге септеседі. Мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи стандарттарға сай толық жабдықталады. Сонымен қатар, Береке шағын ауданында ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын Малая көшесіндегі жол құрылысы жалғасып жатыр.