СҚО-да мектептердi жөндеуге қаржы көлемi 12 есеге ұлғаймақ

СҚО-да мектептердi жөндеуге қаржы көлемi 12 есеге ұлғаймақ

Бұл жайында СҚО әкiмi халық алдындағы есептiк кездесуде мәлiмдедi. 2019 жылы 120 мектептi жөндеуге 5 млрд. теңге бағытталады.

«Көп  жылдар бойы қаржының жоқтығынан мектептердi жөндеуге 400 млн. теңге бөлiнiп келдi. Биыл 120 мектептi жөндеуге 5 млрд. теңге бөлiндi. Бұл мектептерде 35 мың оқушы оқиды», — дедi Құмар Ақсақалов.

Қазiр облыс орталығында 2400 орынға шақталған 3 мектеп салынуда. Сөйтiп, үш ауысымдағы мектептердiң мәселесi шешiледi. Өңiрде 3-6 жастағы балалардың барлығы балабақшаға барады. Бiрегей Оқушылар сарайында 1,5 мың бала айналысады. Осының арқасында қосымша бiлiммен қамту 91% жеттi.

Сондай-ақ СҚМУ жаңа оқу-зертхана корпусы салынады. Студенттер үшiн 2 мың орындық 5 жатақхана тұрғызылады.