
Халық алдындағы есептiк кездесуде СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов медициналық қондырғылардың тозуы туралы мәселе көтердi.
«Облыста медициналық нысандардың тозу көрсеткiшi 62,5% құрайды. Мысалы, облыстағы жалғыз МРТ 11 жыл бұрын орнатылған, жиi iстен шығатын. 2019 жылы медтехника алу үшiн 4 млрд. теңге қарастырылған. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда 3 есе көп», — дедi Құмар Ақсақалов.
Елбасының тапсырмасы бойынша, Петропавлда көпсалалы аурухананың құрылысы басталмақ. Осының арқасында өңiрде медициналық қызметтiң сапасы артады. Аурухананың жанынан дәрiгерлерге арналған 200 пәтерлiк тұрғын үйлер салынады. Кадр мәселесiн шешу үшiн СҚМУ-де медициналық факультет ашылды.