
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов қытайлық инвесторлармен кездесу өткiздi. Өңiрге Қытайдың iскерлiк делегациясы бiрлескен жобаларды нақты талқылау үшiн келiп отыр.
Аспан асты елiнiң инвесторлары өңiрде «Бiрлескен өнеркәсiп кәсiпорындары паркiн» құруды көздеп отыр. Шетелдiк бизнесмендер бiрнеше бағытта жұмыс iстемек. Бұл машина жасау, оның iшiнде жүк көлiктерiн құрастыру, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу, қан зауытының құрылысы, майлы дақылдар және бидайды терең өңдеу бойынша кәсiпорындар ашу. Сондай-ақ инвесторлар кабель зауыты мен трансформатор зауытын салуды жоспарлап отыр. 5 жылдың iшiнде жалпы инвестиция көлемi 10 млрд. долларды құрамақ.
«Жыл бойы бiз келiссөздер жүргiздiк. Барлығын есептеп, мүмкiндiктерiмiздi зерттедiк. Өнiмге сұраныс қандай болады, оны да қарадық. Бiрлескен жұмыстан соң меморандумға қол қойылды. Бiздiң делегация Қытайда болды. Бiз жобаны жүзеге асыруға дайынбыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Азия даму iскерлiк компаниясының бас директоры Сю Ли Рэн стратегиялық әрiптестiк аясында достық қарым-қатынас орнатып, оң нәтижеге қол жеткiземiз дедi. Қытайлық тарап облыс әкiмiн Қытайда өтетiн «Бiр белдеу, бiр жол» форумына шақырды.