
Бұл жайында облыс әкiмдiгiнiң отырысында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.
Қазiргi таңда Петропавл нан-тоқаш комбинаты ай сайын 45 мың бөлке әлеуметтiк нан пiсiредi. Нанның осы түрi жергiлiктi билiктiң қатаң бақылауында.
«Әлеуметтiк нанның бағасы қымбаттамау керек. Бiздiң басты мiндет осы. Аудандарда да баға тұрақты болуы тиiс. Тұрғындардың басым бөлiгi тұтынатын нанның бағасы өзгермейдi. Қатаң бақылау қажет», — дедi Құмар Ақсақалов.