Петропавлдың жаңа үйлерiнде отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториялар ашылады

Петропавлдың жаңа үйлерiнде отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториялар ашылады

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов «Нұр Отан» съезiнде Елбасының айқындаған тапсырмаларын орындау бойынша өз жоспарларымен бөлiстi.

Елбасы бiлiм беру және денсаулық сақтау саласына көп көңiл бөлiп отыр. Алғашқы медициналық көмек бойынша жұмысқа қарқын қосылады. Бұл салада қаржы көлемi 40 тан 60 пайызға дейiн өспек. Солтүстiк Қазақстан бойынша 10 млрд. теңге бағытталмақ, бұрын бұл сома 8 млрд. теңгенi құраған едi. Жас Өркен, Береке және Ойқала шағын аудандарында отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториялар ашылады.

«Ойқала және Жас Өркен аудандарында бiрде-бiр амбулатория жоқ. «Берекеде» дәрiгерлерге ауыртпалық үлкен. Адамдар орталыққа келуге мәжбүр. Қазiргi мақсат — амбулаториялар жақын жерде орналасуы тиiс. Бiз осы шағын аудандарда амбулаториялар ашып, 5-6 дәрiгердi бекiтемiз. Бұл мекемелер салынып жатқан үйлерде орналаспақ. Биыл қалада 3 амбулатория ашылады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Бiлiм беру саласын да көп жаңалықтар күтiп тұр. 10 колледж жаңартылмақ. Бес жыл бұрын барлық колледждердi жөндеуге 300 млн бағытталды. Ал «Жас маман» жобасы аясында әр колледжге 350 млн.теңге бөлу қарастырылған. Бұл бiлiм ошақтарында студенттердiң 70 пайызы оқиды.

Елбасының тапсырмасы бойынша, төменгi жалақы алатын бюджет қызметкерлерiнiң еңбекақыларына 30 пайыз қосылады. Мемлекеттiк органдардың төменгi сатыда орналасқан қызметкерлерiне еңбекақы 25 пайызға артпақ.

Айта кету керек, әлеуметтiк салаға бүкiл бюджеттiң 43 пайызы бағытталады. Бұл шамамен 90 млрд. теңге. Сондай-ақ қосымша 10 млрд. теңге бөлу көзделген.