1 жылда көп балалы отбасылардың 50 пайызы баспанаға ие болады — СҚО әкімі

1 жылда көп балалы отбасылардың 50 пайызы баспанаға ие болады — СҚО әкімі

Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов облыстық әкiмдiктiң отырысында мәлiмдедi. Күн тәртiбiнде — «Нұр Отан» съезiнде Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау.

Елбасы мемлекет әлеуметтiк саясатты күшейте түсетiнiн айтты. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек басты назарда болады. Қазiр облыста 341 көп балалы отбасы пәтер кезегiнде тұр. Оның тек жартысы биыл баспанаға ие болады.

«Биыл 226 пәтерге шақталған 3 үй саламыз. Бiр жылдың iшiнде отбасылардың 50 пайызын баспанамен қамтимыз. Аудан әкiмдерi әр отбасымен жұмыс iстеп, баспанаға зәру отбасыларды анықтасын», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыста атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардың саны 2115 ден 3225 отбасыға дейiн өспек. Бұған республика қазынасынан 1,7 млрд. теңге бағытталмақ. Әр балаға ай сайын төленетiн қаржы 20 мың теңгеге дейiн өстi. Өңiрде 6700 бала осы көмекке ие болмақ. Мүгедек бала асырап отырған 2 мың отбасы үшiн ай сайынғы жәрдемақы 30 пайызға, яғни 31 мыңнан 41 мың теңге дейiн өспек.

Көп балалы отбасыларға 2-3 пайызбен пәтер берiледi. Жергiлiктi бюджет алғашқы жарнаның 10 пайызын өз мойнына алмақ.

Жұмыссыздар мен өз-өзiн қамтамасыз еткен азаматтарға «Еңбек» бағдарламасы өз көмегiн тигiзбек. Несиелерге 2,8 млрд. тг, гранттарға 300 млн. тг бөлiнедi. Сөйтiп, 1796 солтүстiкқазақстандық бизнеспен айналыса алады. Тiптi үйде отырып кәсiбiн дөңгелетуге мүмкiндiк туды.