
СҚО әкiмдiгiнiң отырысында көктемгi егiс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды.
Солтүстiк Қазақстанда ауыл шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл облыста әлемдiк нарықта үлкен сұранысқа ие соя егiледi.
«Биыл 10 мың гектар аумаққа соя егiледi. Келесi жылы оның көлемiн 150 мың гектарға жеткiземiз. Бидайдың аумағын азайтып, жоғары табысты әрi экспортқа бағытталған дақылдарды өсiремiз. Соя үлкен сұранысқа ие, қазiр нарықта 1 тоннасы 150 мың теңге тұрады», — дедi Құмар Ақсақалов.
Жоспар бойынша топыраққа 150 мың тонна минералды тыңайтқыш енгiзiледi, оның көлемi 2,7 млн. га құрамақ.
«Бiз ауыл шаруашылығы саласында табыстарға заманауи технологияларды жүзеге асырудың арқасында жеттiк. Оның iшiнде тыңайтқыштарды қолдану бар. Бiз ел бойынша ең көп тыңайтқыш аламыз. Былтыр 112 мың, биыл 150 мың тонна», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.
Көктемгi егiс науқанына 13,6 мың бiрлiк техника жұмылдырылмақ. Биыл диқандар 30 млрд.теңгенiң 1600 бiрлiк жаңа техникасын сатып алуды жоспарлап отыр.
Жалпы, биыл егiстiк алқабы 4,9 млн. гектарды құрамақ. Оның 4,1 млн. гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егiледi. Атап айтсақ, 2,8 млн. га бидай, 1 млн. га майлы дақылдар, жемшөп 369 мың га, картоп 37 мың га, көкөнiс 6,6 мың га алқапқа себiледi.